2015 жылғы 4 наурыз, Астана қаласы
«Қазақстан Республикасы табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-02-01/451 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-02-01/451 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7196 болып тіркелген, 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 138-142 (27215) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
1-бөлімнің тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік талаптары. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында (аңтану және аң өсіру, агрономия, орман ресурстары және орман өсіру, өнеркәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы, аграрлық техника және технология), жаратылыстану ғылымдары саласында (биология, экология, география), құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, қаржы). Ұйымдағы басшы қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және/немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.»;
2- бөлімнің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік талаптары. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында (аңтану және аң өсіру, агрономия, орман ресурстары және орман өсіру, өнеркәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы), жаратылыстану ғылымдары саласында (биология, экология, география), құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (есеп және аудит, экономика, қаржы). Ұйымдағы басшы қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және/немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.»;
3- бөлімнің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік талаптары. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында (аңтану және аң өсіру, агрономия, орман ресурстары және орман өсіру, өнеркәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы), жаратылыстану ғылымдары саласында (биология, экология, география), құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, қаржы). Ұйымдағы басшы қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және/немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.»;
4- бөлімнің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік талаптары. Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында (аңтану және аң өсіру, агрономия, орман ресурстары және орман өсіру, өнеркәсіптік балық аулау және балық шаруашылығы), жаратылыстану ғылымдары саласында (биология, экология, география), құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (есеп және аудит, экономика, қаржы). Ұйымдағы басшы қызметтегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес және/немесе өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақ немесе қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ
КЕЛІСІЛДІ
Қазақcтан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
__________ Т.Дүйсенова
2015 жылғы 18 наурыз
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10697 болып енгізілді.